Neotech компаниясы кез келген құжат түрінің аудармасын, соның ішінде әртүрлі тақырып бағытында — техникалық, құқықтық, медициналық, маркетингтік, экономикалық және басқа да тақырыптар бойынша мәтіндерді аударады.
Лингвистикалық қызметтер нарығында жұмыс істеген жылдар ішінде мамандарымыз компанияға клиенттердің мәселелерін мүмкіндігінше тиімді және жылдам шешуге көмектесетін ауқымды құралдар мен салалық бағдарламалық құралдарды әзірледі және өндіріс процесіне енгізді.
- нұсқаулықтар мен нұсқаулар;
- техникалық сипаттамалар;
- жобалық құжаттама;
- сызбалар;
- есептер;
- спецификациялар;
- нормативтік құжаттама;
- маркетингтік және жарнамалық материалдар, мультимедиа;
- құқық және қаржы құжаттары;
- оқыту курстары және тағы басқалары
Жобаның күрделілігі мен ауқымына байланысты аударма келесі циклден өтеді:
- клиент талаптарын келісу;
- жобалық топты құру;
- қажет болған жағдайда — жоба бойынша сөздік құру және оны тапсырыс берушінің мақұлдауы;
- аударманың өзі;
- мәтінді тексеру: өңдеу және түзету;
- дайын мәтінді, құжатты, т. б. рәсімдеу және беттеу;
- дайын аударма сапасына сараптамалық баға беру;
- клиенттердің қанағаттану деңгейін бағалау.