Neotech компаниясында жұмыс істеу — бұл кәсіби мамандар тобында жұмыс істеу мүмкіндігі, олар өз компаниясына Ресей мен ТМД елдеріндегі аударма ұйымдары арасында көшбасшы орнын қамтамасыз етуге ниетті.
Neotech компаниясы қызметінің негізгі саласы — бұл өздері үшін шет тілі бүкіл бизнес-процестердің маңызды және ажырамас элементі болатын компанияларды лингвистикалық тұрғыдан қолдаудың толық сервистік циклі.
Neotech — бұл:
- болашаққа ұмтылатын, бірақ дәстүрлерін сақтаған көпжылдық тарихы бар компания;
- жаңа технологиялар мен үнемі толықтырылып отыратын білім базасы;
- техникалық аударма саласындағы үздік мамандардың басын қосқан бірегей ақпараттық және кәсіби кеңістік;
- өз біліктілігін үнемі жетілдіруге және тәжірибесімен бөлісуге дайын, өз ісіне ынталы және адал мамандардың қауымдастығы;
- белсенді, ашық және жас ұжым — біздің ортамызда жұмыс істеу қызықты және ыңғайлы, біз қызметкерлеріміздің қызығушылықтары мен хоббилерін құрметтейміз.
Біздің ізденушілерден күтетініміз және қызметкерлерімізде бағалайтынымыз:
- жауапкершілік;
- клиентке бейімделу;
- коммуникативтік дағдылар;
- кәсіпқойлық;
- нәтижеге жетуді көздеу;
- ашықтық және жаңа нәрсені үйренуге дайын болу.
Бізбен жұмыс істеп, мынадай мүмкіндіктерді иеленесіз:
- білімді, дағдылар мен қабілеттерді іс жүзінде қолдану;
- оларды жұмыс барысында байыту, молайту және дамыту;
- жаңа білім алу және әріптестер мен тапсырыс берушілер үшін сарапшы ретінде әрекет ету.
Neotech компаниясындағы басшылық орындарда толықтай дерлік дәл сол салада дамуға қол жеткізген қызметкерлердің отырғанына қарап, компанияның кадр саясатын болжауға болады, ал мансап бойынша өсу мүмкіндігі Neotech компаниясының, тіпті бәсекелестері арасында да, сөзсіз артықшылығы болып саналады.
Бүгінгі таңда компанияда штаттық және штаттан тыс бос жұмыс орындары бар >>