Медицина

Медициналық аударма — бұл ірі өнеркәсіптік компаниялар мен ұйымдар, сондай-ақ қарапайым өнеркәсіп қызметкерлері мен жеке тұлғалар тарапынан сұранысқа ие саласы тар бағыт.

Neotech командасына келесі салалардағы кәсіби мамандар біріктірілген: лингвистика, практикалық медицина, арнайы медициналық жабдықтар, стоматология, т. б. Жоба тақырыбына қарамастан, олар жасаған аудармалардың сапасы әрдайым жоғары болады.

Біздің қорымызда халықаралық ұйымдарға арналған табысты жобалар бар, оларға медициналық жабдықты өндірушілер мен жеткізушілер, фармацевтикалық және сақтандыру компаниялары, денсаулық сақтау органдары мен ғылыми-зерттеу зертханалары кіреді.

Барлық аудармаларда тек жалпы қабылданған медициналық терминология қолданылады, оларды медициналық білімі жоғары редакторлар тексереді. Біз құпиялыққа және ISO 17100 аударма қызметінің халықаралық стандартына толық сәйкестікке кепілдік береміз.



Біз барлық бағытта күрделілік деңгейі әртүрлі медициналық құжаттаманың барлық түрін аударамыз:

Кәсіптік құжаттама:

  • клиникалық зерттеулердің хаттамалары мен есептері;
  • препараттардың қосымша парақтары мен өнім сипаттамалары;
  • жабдықтың техникалық құжаттамасы.

Жеке құжаттар:

  • үзінділер, тағайындамалар, анықтамалар;
  • медициналық карталар, ауру тарихы;
  • қорытындылар, рецептілер.

Маркетингтік материалдар:

  • өнімдер, қызметтер, жабдық презентациясы;
  • каталогтер;
  • баспасөз релиздері мен жаңалық материалдары.

Оқыту материалдары:

  • оқыту видеолары, оқулықтар, анықтамалықтар, атластар;
  • ғылыми мақалалар мен жарияланымдар;
  • диссертациялар, ғылыми еңбектер, рефераттар.

Бағдарламалық құралды локализациялау:

  • жабдықтың пайдаланушы интерфейстері мен ілеспе құжаттарын аудару;
  • веб-сайттар аудармасы.

  • фармакология;
  • медициналық жабдық;
  • стоматология;
  • хирургия;
  • зертханалық зерттеулер;
  • кардиология;
  • биохимия;
  • биотехнологиялар;
  • химия;
  • психология және тағы басқалары.

  • Neotech — Common Sense Advisory тәуелсіз талдау агенттігінің рейтингісінде әлемдік нарықта аударма қызметтері мен технологияларының жетекші жеткізушілерінің бірі;
  • ISO 17100 аударма қызметінің халықаралық стандартына толық сәйкестік;
  • толық құпиялыққа кепілдік;
  • терминология бірізділігін сақтауға және жобамен жұмыс істеу уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін Translation Memory класының бағдарламалық өнімдерін қолдану;
  • Дүние жүзі бойынша ең үздік аударма компанияларының жүздігіне кіреді

Бірге қызмет істеуге дайынсыз ба?
Форманы толтырғаннан кейін біз сізге жақын уақытта хабарласамыз
«АУДАРМАҒА ТАПСЫРЫС БЕРУ» түймесін басу арқылы сіз жеке деректеріңіздің өңделуіне келісім бересіз