Құжаттарды аударып, нотариалдық куәландыру
Қазақстанда өз қызметімізді көрсетуді бастағанда, біз кез келген мәтіннің аудармасын көпшілікке қолжетімді етуді ең маңызды мақсат етіп белгіледік. Бүгінде бізбен ірі холдингтік компаниялар ғана емес, сонымен қатар орта және шағын бизнес санатына жататын фирмалар, жеке тұлғалар жұмыс жасайды. Дәл осы санаттағы тапсырыс берушілер үшін біздің қызметтеріміз үлкен сұранысқа ие болды, атап айтқанда құжаттардың нотариалдық аудармасы және апостиль мөртаңбасын қою.
Нотариалдық куәландырылған құжаттар аудармасы — бұл қызмет Қазақстанның ресми органдарына тапсыру үшін түпнұсқалары шет тілінде ұсынылған құжаттарды рәсімдеуді білдіреді. Қызмет бірнеше кезеңмен көрсетіледі: құжатты аудару, содан кейін нотариалдық куәландыру.
Қазақстан Республикасының заңнамасында нотариус шет тілін білген жағдайда ғана аударманың дұрыстығын куәландыра алатыны анық көрсетілген. Егер нотариус тиісті тілді білмесе, аударманы аудармашы орындай алады, содан кейін нотариус оның қолын куәландырады.
Біздің кешенді қызметіміз болып саналатын нотариалдық аударма + куәландыру тапсырыс берушілеріміздің арасында танымал болғандығы соншалықты, тіпті біз нотариалдық кеңселерде қосымша кеңселер аштық. Біз байланыс орнатуға ыңғайлы жерлерде Neotech кеңселерінің желісін кеңейту үшін серіктестер іздеуді жалғастырамыз.