Компания тарихы

Мы уверены: чтобы стать лучшими, нужно уметь смело мечтать

2005 | 2006 | 2007 | 2008 | 2009 | 2010 | 2011 | 2012 | 2013 | 2014

2005 жыл. 2005 жылы Алматыда Neotech компаниясының Қазақстан Республикасындағы бірінші аймақтық өкілдігінің кеңсесі ашылды. Осы сәттен бастап Neotech халықаралық аударма компаниясының өмір шежіресі басталады.

Кеңсе ашылмай тұрып, ұзақ дайындық жұмыстары жүргізілді. Толық құқықты өкілдікті құру идеясы алғаш рет 2003 жылы ресейлік Neotech бас компаниясының бірнеше тапсырыс берушісі өздерінің іскерлік аймағын кеңейту және Қазақстан Республикасында өкілдіктерін ашу ниеттерін жариялаған кезде пайда болды. Олардың барлығы Neotech компаниясымен ынтымақтастықты басқа географиялық аймақта жалғастыруға ниет білдірді. Айтылған ұсыныс компания басшылығын Қазақстанда өз өкілдігін ашу қажеттігі туралы шындап ойлануға мәжбүр етті, ол үшін елді және оның ерекшеліктерін зерттеу қажет болды. Өзіндік бизнес қатысудың ауқымы қандай, осы аймақта өз өкілдігін ашудың келешегі қалай, кеңсе тек ресейлік клиенттердің филиалдарына қызмет ете ме, жоқ жаңа клиенттерді іздеуге және олармен жұмыс істеуге бағыттала ма, осы аймақта сұранысқа ие қызметтердің тізімі қаншалықты, компания кеңсесінің жұмыс ұжымының құрылу жолы және құрамы, сондай-ақ фриланс режимінде жұмыс істету үшін кімдер қалай тартылады деген сияқты бірнеше маңызды сұраққа жауап беру үшін бір жарым жылдан астам уақыт қажет болды.

Нарық мониторингі, Қазақстан нарығындағы жетекші ойыншылар ретіндегі фирмалар мен компаниялардың мамандарынан бірнеше рет алынған сауалнама, кабинеттік зерттеулер көптеген сұрақтарға, соның ішінде негізгісі «Қазақстанда Neotech компаниясы бола ма, әлде болмай ма?» деген сұраққа жауап берді. 2005 жылдың қазан айында Алматы қаласында кеңсенің салтанатты ашылуы өтті. Сол күні Интернетте өкілдіктің алғашқы сайты ашылды. Не себепті кәсіпкерлік қызметтің басталуы туралы мәлімдеме осылай жасалды деген сұраққа Neotech өкілдері былай деп жауап берді: «Біз жергілікті тапсырыс берушілерге қажет заманауи жоғары технологиялық компания құруды мақсат еттік. Біз қазақстандық бизнес қауымдастықпен өздерінде қалыптасқан стиль мен үндестікті бұзбай диалог құрғымыз келеді».

2005 жылы Neotech өз клиенттерінің бірі үшін клиенттің өзінің аударма қызметіндегі мамандарын тексеруге арналған көпдеңгейлі бағдарлама жасап енгізді, тренингтер өткізді, әрі қарай оқыту бойынша ұсыныстар мен әдістерді әзірледі. Осы және басқа да ынтымақтастықтың сәтті тәжірибесін талдай келе, Neotech компаниясы өз клиенттеріне ішкі корпоративтік аударма қызметін құру және жетілдіру жолында көмек пен қолдау көрсетуге бағытталған тұрақты қолданылатын Gain & Share бағдарламасын іске қосатынын жариялады. Клиенттерге кеңес беру ісі өзі қызмет көрсететін аймағына қарамастан, қызмет ауқымының жаңа бағытына айналды. Бұл жұмыс бүгін де жалғасын тауып келеді.


2006 жыл. Neotech компаниясы басшылығының 2006 жылғы қаңтарда Алматыға жұмыс сапары кезінде басқа да басымды міндеттермен қатар, кадр саясатының маңыздылығы аталды. Осы сәттен бастап, жергілікті орындаушылардың базасын қалыптастыру бойынша тұрақты түрде жоспарлы жұмыс басталды. Ол бірден бірнеше бағытта жүргізіле бастады: барлық жетекші баспа БАҚ-тағы модульдік жарнама, желілік рекрутинг бағыты бойынша жұмыс, көрмелердегі семинарлар, аударма процесінің жекелеген технологиялары бойынша қызығушылық танытқан мамандарға арналған тренингтер. Сол кезде басталған жұмыс тек Қазақстандағы кеңсені орындаушылармен қамтамасыз ету мәселесін шешуге ғана емес, сонымен қатар өршіл мақсатқа, яғни қазақстандық мамандардың кәсіби дайындық деңгейін, әр маман әрі қарай біліктілікпен орындауға дайын жұмыстардың ықтимал күрделілік деңгейі мен тақырыптарын анықтауға мүмкіндік беретін бірыңғай сертификаттау жүйесін әзірлеуді жүзеге асыруға бағытталды.

KIOGE-2006 көрмесіне қатысу. Neotech компаниясының аға редакторы Александр Поддубный «Gain & Share — серіктестіктің жаңа сапасы. Лингвистикалық қолдау саласындағы тәжірибе дистрибуциясы» баяндамасымен сөз сөйледі. Бұл тақырып кездейсоқ таңдалған жоқ. Ол Neotech компаниясының қызығушылық танытқан мамандары мен клиенттері үшін жалпы компания және оның ішінде қазақстандық өкілдігі ұстанатын принциптерді қалыптастыру қажет болатын. Баяндамада Neotech компаниясы өз орындаушыларына қоятын талаптарға және тапсырыс берушілердің тапсырыс берген аудармаларына қойған талаптарына ерекше көңіл бөлінді. Осының нәтижесінде Алматыдағы Neotech кеңсесіне жергілікті кадрларды дайындайтын арнайы аударма мектебін құру туралы көптеген өтініштер түсті. Бұл жоба компанияның жоспарында бар.

2006 жылғы желтоқсан — 2007 жылғы қаңтар аралығында Қазақстан Республикасындағы алғашқы толық ауқымды жарнамалық науқанға дайындық аяқталды. Бір жылға есептелген жоспарға бірнеше таныстыру бағыттары кірді, олар: сыртқы жарнама, тікелей маркетинг, баспасөздегі жарнама, PR, интернет-жарнама және промоакциялар. Алматыдағы желілік мейрамханалар мен ойын-сауық және демалыс орталықтарындағы промоакция бір жылдық жарнамалық жұмыстың жарқын қорытындысын шығарды. Науқан сәтті жүзеге асырылды, оның барлық міндеттері орындалды, атап айтқанда Neotech брендін танымал етті. Сонымен қатар оны өткізу нәтижелерінің бірі ретінде Қазақстанда жарнама саласында ненің тиімді және нәтижелі екені, компанияға қажет мақсатты аудитория топтарының қабылдау ерекшелігі туралы білім жинақталды.


2007 жыл. Бүкіл 2007 жыл бойы Neotech компаниясы шағын және орта бизнес пен жеке тұлғаларды қамтыған әртүрлі сипаттағы басқа тұтынушылар тобы үшін аударма қызметін көрсете бастауы арқылы өз қызмет аясын едәуір кеңейтті. Алғашында бір реттік болған, кейін саны мен көлемі күннен-күнге арта бастағаннан кейін осы аудиториямен жұмыс жасау үшін жеке бөлімше құру қажеттігі туындады. Нәтижесінде компания қызметкерлерінің санын көбейту және тақырыптары мен тілдік бағыттары компанияның стандартты ұсынысының ауқымына жатпайтын жұмысты орындауға мамандарды тарту жұмысын күшейту қажеттігі туындады.

2007 жылдың күзі — KIOGE-2007 көрмесіне қатысу. Бұл жолы Neotech компаниясының жетекші қызметкерінің бірі Қазақстандағы аударма нарығының жай-күйі, оның мүмкіндіктері мен даму келешектері туралы сөз сөйледі. Компания осы бағыт бойынша бірнеше жыл бойы жүргізген мониторинг нәтижелерін көпшілікке жария етті. Баяндама кезінде Neotech өз болжамдарын жасап, Қазақстанда даму жоспарларын таныстырды. Neotech кеңсесінің бұрынғы мекенжайдағы кеңсе орталығынан кеңірек әрі жайлы бөлмеге көшуі компанияның өсу және өз айналымын мақсатты түрде арттыру жоспарларын іске асыру бастамасы болды.


2008 жыл. 2008 жылдың қаңтар айында Neotech басшылығы Қазақстанға дәстүрлі жұмыс сапарымен келген кезде қазақстандық тұтынушыларға қажет ықтимал жаңа қызметтерді анықтау мақсатындағы сұраныстарды тұрақты түрде бақылап отыруды бастау туралы шешім қабылдады. Алғашқы нәтижелерді бағалау қорытындысы бойынша аударма қызметтері нотариалдық куәландыру қызметтерімен толықтыруды қажет ететіні белгілі болды және сұраныстың бірнеше есеге артуы нәтижесінде Алматыда жаңа тапсырыс қабылдау орындарын ашу мәселесі күн тәртібіне қойылды. Серіктестерді іздеу және оңтайлы қатынасу мекенжайларын анықтау жұмыстары басталды.

2008 жылғы сәуір айы 1000 тапсырыстың орындалуымен есте қалды. Компания бұл көрсеткішке жарты жылға ерте қол жеткізді (бұл цифр бұрын Neotech жұмыс істей бастағаннан бері үшінші жылды аяқтау үшін көзделген болатын). Компания мұндай жетістікке қазақстандық кеңсенің белсенді түрде жаңа клиенттерді тарту, орындаушылар базасын кеңейту және жаңа заманауи таныстыру түрлерін қолдану жөніндегі саясаты арқасында қол жеткізді.

2008 жылғы жаз. Алматыда келесі мекенжай бойынша нотариалдық кеңселерде Neotech компаниясының екі жаңа кеңсесі ашылды: Мақатаев көш., 73/60 және Байзақов көш., 155. Алматыда кеңселерді ашу географиясын кеңейту жұмысы тұрақты түрде жалғасуда. Сол кездегі тағы бір маңызды оқиға — Neotech компаниясының Қазақстан Республикасындағы Америкалық сауда палатасына толық мүшелігінің басталуы болды.

2008 жылғы қазан — KIOGE-2008 көрмесіне қатысу. Көрмеде Neotech компаниясына қызығушылық танытқан тапсырыс берушілер мен ықтимал клиенттер үшін компанияның өңірде болуы бойынша келешек жоспарлары хабарланды. Алайда компанияның жаңа өршіл жоспарларын компания клиенттерінің назарынан тыс қалмаған Neotech фирмалық стилінің жаңаша өзгергенінен аңғаруға болатын еді. Осы кезде компанияның жаңа веб-сайтын құру бойынша жұмыс басталды.


2009 жыл. Neotech веб-сайтында компанияның ақпараттық жүйесі компоненттерінің бірі — ezTrack модулі жұмыс істей бастады. Клиенттер жұмыс жобалары шеңберінде ұйымдастыру мәселелерін шешу үшін еңбек және уақыт шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік беретін жаңа ыңғайлы құралға ие болды.

Бұл құрал жұмысты орындау құны мен мерзімі туралы келісу тәртібін оңтайландыруға, аударылған құжаттарды жүйеден тез арада жүктеп алуға, бұрын аударылған құжаттардың мұрағатына кіруге, орындалған тапсырыстардың тізімін, құнын және егжей-тегжейін көрсететін есептерді құруға, құжаттардың онлайн режимде аударылу күйін бақылауға мүмкіндік береді.


2010 жыл. Neotech Ресей мен ТМД аумағындағы SDL компаниясының ресми өкілі «Т-Сервис» компаниясының серіктесі мәртебесіне ие болды. Ынтымақтастық мақсаты — Қазақстанның аударма нарығында SDL бағдарламалық өнімдерімен таныстыру, мамандарды бағдарламамен жұмыс істеуге үйрету, өндіріс процесін оңтайландыру үшін жұмысында инновациялық технологияларды қолданатын кәсіби аудармашылардың санын арттыру.


2011 жыл. «Неотэк» компаниясының оқу орталығы Қазақстан Республикасында аударма саласы мамандарына алғашқы толық масштабты оқыту курсын өткізді. Мұнай-газ саласындағы жетекші мәскеулік аудармашылардың бірі Валерий Афанасьев «Мұнай-газ саласындағы техникалық аударманың ерекшеліктері» атты 5 күндік оқыту курсын сәтті өткізді.

Оқыту барысында қатысушылар — Қазақстан мен Тәжікстанның ірі мұнай-газ компанияларының аудармашылары геология, ұңғымаларды бұрғылау, мұнай және мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру, дайындау және тасымалдау саласында білім алды. Курстың практикалық бөлігінде студенттер мұнай-газ құжаттарын аудару кезінде жіберетін әдеттегі қателіктермен танысты және оларды аудару бойынша бірқатар жеке тапсырманы орындады. Бұл әр қатысушыға өзінің білім деңгейі мен дағдыларын бағалауға және оқылған материалды іс жүзінде бекітуге мүмкіндік берді.


2012 жыл. Neotech компаниясы Алматыда «Атакент» көрме кешенінде өткен KIOGE көрмесінің 20 жылдық мерейтойына қатысты. Көрме кезінде Neotech стендінде мұнай-газ саласындағы әртүрлі компаниялардың жүзден астам өкілі болды. Neotech қызметкерлері кәсіпорындарға лингвистикалық қолдау көрсетуге және аударма мен локализация бөлімі жұмысының тиімділігін арттыруға қатысты сұрақтарға жауап берді. Техникалық аударма саласындағы бай тәжірибе Neotech өкілдеріне стендтің айналасында әлемдік деңгейдегі сарапшыларды жинауға, аударма қызметі нарығындағы соңғы тенденцияларды талқылауға және мұнай-газ компанияларының аударма қызметіндегі қажеттіліктерін бірге қарастыруға мүмкіндік берді.


2013 жыл. «Неотэк» компаниясы Еуропалық комиссия бекіткен және 2006 жылдың 1 тамызында күшіне енген EN 15038:2006 «Аударма қызметтері — Қызметтерге қойылатын талаптар» аударма қызметінің бірыңғай еуропалық сапа стандартына сәйкестігі бойынша аудиттен сәтті өтті. Жаңа стандарт аударма қызметін ұсынудың технологиялық процестерін егжей-тегжейлі анықтайды: аударма жобаларын басқару, аудармаға дайындық, техникалық және лингвистикалық аспектілер, аударма процесінің өзі, редактордың аударманы тексеруі, корректура, түпкілікті редакциялау және тапсырыс беру. Сонымен қатар стандарт тапсырыс беруші мен аударма қызметі жеткізушісінің әрекеттесу ережелерін белгілейтінін және аударма компаниялары ұсынатын бірқатар ілеспе қызметке қойылатын талаптарды ашатынын айта кету керек.


2014 жыл. Neotech және ТМД-дағы SDL компаниясының ресми өкілі «T-Cервис» компаниясы «Trados технологиясына 30 жыл» семинарын ұйымдастырып өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар өткен шаққа саяхат жасады: олар SDL компаниясының дамуы мен қалыптасуы туралы білді, сонымен қатар Trados бағдарламасының эволюциясын бақылады. Шараның маңызды әрі күтілетін элементі SDL Trados Studio 2014 жүйесімен жұмыс жасауға арналған мастер-класс өтті. Клиент-компания тарапынан «Неотэк» компаниясының сату және маркетинг жөніндегі директоры Юрий Пачко сөз сөйледі. «Trados — лингвистикалық инженерияның құрылуы мен одан әрі дамуына серпін» тақырыбында баяндама жасады.