Аудиовизуалды аударма

Neotech аудиовизуалды материалдарды локализациялау бойынша қызметтердің толық кешенін ұсынады, олар: аудару, субтитрлеу, дубляж жасау, кадр артындағы дыбыстау, транскрипциялау, электрондық оқуды және басқа да мультимедиалық контентті локализациялау.

Аударма, инженерлік біліктілік және заманауи технологиялар саласындағы жинақталған тәжірибе бізге аудиовизуалды өнімдерді локализациялауға байланысты шағын тапсырыстарды да, күрделі толық көлемді жобаларды да тез әрі арзан бағаға орындауға мүмкіндік береді.

Біздің қызметтеріміз:


Субтитрді сауатты қою — бұл дәлдік пен техникалық білімді ғана емес, сонымен қатар шығармашылықты қажет ететін өнер. Себебі қажетті ұзындыққа сыю үшін жиі мәтінді бейімдеу қажет болады. Neotech субтитрлер файлын аударудан бастап, түпнұсқа видеоны қолдана отырып субтитр жасауға дейін субтитрлермен жұмыс істеу бойынша кешенді қызметтерді ұсынады.

Біз келесі опцияларды ұсынамыз:

Сыртқы субтитрлер фразалардың басталу және аяқталу уақыты, сондай-ақ басқа да қызметтік ақпарат көрсетілген бөлек мәтіндік файлдар түрінде болады. Мұндай субтитрлер Youtube немесе Vimeo сияқты видеохостинг сайттарына жүктеуге жарамды. Қажет болса, сыртқы субтитрлерді өшіруге болады.

Әдетте сыртқы субтитрлер .SRT форматында дайындалады (бұл аударылған немесе жаңадан жасалған файл болуы мүмкін). .SRT — барлық танымал видеохостингтерде қолданылатын ең көп таралған форматтардың бірі екенін айта кету керек.

Тапсырыс берушінің өтініші бойынша біз кез келген басқа форматтағы субтитрлерді де дайындаймыз, мысалы: .CAP .DFXP .MCC .TXT .SCC .STL .TTML .VTT, т. б

Ендірілген субтитрле — бұл видеоны кодтау процесінде видеолекке салынған субтитрлер. Мұндай субтитрлерді өшіру мүмкін емес және олар жасалған кезде іс жүзінде түпнұсқа видеожол өңделеді. Мұндай субтитрлердің артықшылығы құрылғы мен тарату арнасына қарамастан, мәтіннің әрдайым бірдей көрсетілуінде.

Менеджер жұмысқа кіріспес бұрын контенттің мақсаты мен тапсырыс берушінің талаптарын анықтайды, содан кейін тапсырыс беруші оңтайлы нұсқаны және оның параметрлерін таңдауы үшін орындалған жұмыстардың мысалдарын қарауды ұсынады.

Нәтижесінде тапсырыс беруші қажетті форматтағы субтитр файлын немесе видеолекте кодталған субтитрлері бар видеофайлды алады.

  • өз жұмысымызда озық ESIST, WGBH және BBC тәжірибелерін қолданамыз;
  • кез келген қаріп, түс, позиция;
  • 80+ тіл;
  • аударма мен субтитрдің қойылуын ана тілінде сөйлейтін және сертификатталған лингвистер орындайды;
  • мерзімі бірнеше сағаттан басталады.

Көбінесе дыбыстау — аудиовизуалды мазмұнды локализациялау процесіндегі ең қымбат элемент. Тапсырыс берушінің шығындарын азайту мақсатында Neotech контент түріне және тұтынушының қажеттіліктеріне тікелей байланысты әртүрлі тәсілдерді қолданады.

Біз келесі опцияларды ұсынамыз:

Кадр артындағы дыбыстау (voice-over). Дыбыстаудың бұл түрінде дикторлардың сөзі түпнұсқалық дыбыс жолдарына қойылады. Осылайша, дыбыс ретінің экспрессивті элементі басыңқы түпнұсқа жолмен жеткізіледі, ал дикторлардың сөзі айтылғанның мағынасын білдіреді.

Баға – уақыт – сапа қатынасы бойынша voice-over көптеген маркетингтік емес және кейбір маркетингтік материалдарды дыбыстау үшін оңтайлы болып табылады.

Дубляж. Осындай дыбыстау түрімен жаңа дыбыстық жол құрылады, онда дыбыс инженері видеода қолданылатын барлық дыбыстарды, яғни шуды, эффектілерді, актерлердің сөйлеуін бір жобаға жинап, синхрондайды. Бұл көп уақытты қажет ететін, қымбат және сапалы дыбыстау нұсқасы.

Менеджер жұмысқа кіріспес бұрын контенттің мақсаты мен тапсырыс берушінің талаптарын анықтайды, содан кейін қажет болған жағдайда дыбыстау дауысын таңдауды ұсынады.

  • Дыбыстауға тапсырыс беру кезінде тапсырыс беруші дыбыстық жолы бар видеофайлды немесе кейін өз бетімен жобаға кіріктіре алатын жаңа аудиофайлды алады.
  • бюджет пен мерзімдерге байланысты икемді шешімдер;
  • дауыстардың үлкен таңдауы;
  • көпсатылы сапа тексерістері;
  • көлемдік жеңілдіктер;
  • мерзімі бірнеше сағаттан басталады.
  • «Neotech» экрандағы жазбалар, титрлер, қыстырмалар, логотиптер және басқа да видео элементтері аудармасын қоса алғанда, видеоқатарды толық локализациялауды ұсынады.
  • Жұмысты бастар алдында менеджер тапсырыс берушімен жобаның егжей-тегжейін талқылап, локализациялаудың соңғы сапасы туралы түсінік қалыптастыру үшін бұрын локализацияланған видео үлгілерін ұсынады.
  • Нәтижесінде тапсырыс беруші экрандағы субтитрлер немесе видео элементтері ауыстырылған видеофайлды алады.
    • барлық формат;
    • 2d және 3d графикалық шешімдерді, сондай-ақ нақты түсірілген видеоны ұсынамыз;
    • мерзімі бірнеше сағаттан басталады.

    Бүгінгі күні электрондық оқу бұрынғыдан да танымал: материалды ұсынудың бұл әдісі тек білім беруде ғана емес, сонымен қатар корпоративтік сегментте де сұранысқа ие. Электрондық оқу курстарының басты ерекшелігі — олардың белгілі бір тапсырмаға бағытталуы. Көбінесе мұндай материалдар бағыты тар сипатта болады, сондықтан оларды аудару жұмысы зерттеу саласын терең білуді талап етеді.

    Оқу курстарын аудару үшін біз аудармашыларды, атап айтқанда тиісті салада танылған мамандарды, ал жұмыстың лингвистикалық емес бөлігіне e-learning контентін локализациялау бойынша мол тәжірибесі бар мамандарды тартамыз.

    Мұның бәрі бізге сапалы, тиімді және мақсатты аудиторияға толықтай локализацияланған өнімді жасап шығаруға мүмкіндік береді.

    Біз мыналарды ұсынамыз:

    • электрондық курстарды локализациялау;
    • оқу видеолары мен вебинарларды аудару;
    • экранды қамтитын видеоны локализациялау (дыбыстау нұсқаулары, бағдарламалар презентациясы, демороликтер).

    Біз Articulate Storyline, Articulate Presenter, Adobe Captivate, Adobe Presenter, CourseLab және сұрау бойынша басқа да бағдарламалармен жұмыс жасаймыз.

    Әдетте тапсырыс беруші SCORM топтамасын, басқа форматтарға (AICC, Tin Can API, т. б.) негізделген топтаманы немесе жоба файлын алады.

    Шифрды ашып жазу немесе транскрипциялау — бұл ақпаратты аудиоформаттан мәтінге аудару. Мұндай ақпарат семинарлар, дәрістер, вебинарлар, сұхбаттар, келіссөздер немесе кез келген басқа материалдың жазбалары болуы мүмкін. Көбінесе шифрды ашу — мультимедиалық контентті локализациялау кезеңдерінің бірі, бірақ Neotech оны бөлек қызмет ретінде де ұсынады.

    Транскрипциялауға тапсырыс берген кезде, тапсырыс беруші айтылған сөздер мен уақыт кодтары бар мәтіндік құжатты алады.

    • 80+ тіл;
    • тек ана тілінде сөйлейтін және сертификатталған лингвистер;
    • көпсатылы сапа тексерістері;
    • 100 % дәлдік;
    • мерзімі — бірнеше сағаттан басталады;
    • кез келген сападағы материалдарды өңдеу.

    Бірге қызмет істеуге дайынсыз ба?
    Форманы толтырғаннан кейін біз сізге жақын уақытта хабарласамыз
    «АУДАРМАҒА ТАПСЫРЫС БЕРУ» түймесін басу арқылы сіз жеке деректеріңіздің өңделуіне келісім бересіз