Главная Мемлекеттік тіл: жаңғырту кезеңі

Мемлекеттік тіл: жаңғырту кезеңі

Қазақстан Республикасы үкіметі соңғы 10 жыл бойы Қазақ тілін дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындап жатыр. Бұл бағдарламаның маңыздылығын елбасшымыздың ерекше ықыласы растайды. Н.Ә. Назарбаев бұл бағыттағы Республикаға арналған жұмыстың зор маңыздылығын атап көрсетіп отыр: «...егер біз беделді де бәсекеге қабі¬летті ел болғымыз келсе, біртұтас ұлт – ортақ құндылықтарға біріккен, үйле¬сім¬ді тілдік ортасы бар ұлт, өткенге емес, бо¬лашаққа ұмтылатын ұлт болуымыз керек...».
Біздің тіліміз – барлық қазақстандықтарды біріктіретін маңызды бір фактор. Сол тілді дамыту мәселесі тек Республика үкіметінің өкілдері үшін ғана емес бірақ еліміздегі жұмыстарының түрлеріне қарамастан азаматтардың әрқайсысы үшін де өте маңызды. Бірақ осы тақырып қазақ тілі олардың кәсіби мүдделері және міндеттерінің саласы болып табылатын адамдар үшін аса маңызды. Neotech KZ компаниясы кәсіби қоғамға белсенді қатысушы ретінде қазақ тілін қолдау және дамытуға барынша мүмкіндік жасауды өз міндеті деп санайды.    
Бұл рубриканың мақалалары Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне, яғни оның тарихы мен болашағына, мамандардың оған қалай қарағандары, қазақ тіліне және қазақ тілінен басқа тілдерге аударудың ерекшеліктері, терминологиялық жұмыстың еректіктері және басқа тілмен кәсіби түрде жұмыс істеудің ерекшеліктеріне арналған. Neotech KZ компаниясы ең актуалдық мәселелерді талқылау үшін өз «ашық алаңшасын» құра отырып, кәсіпқорлардан, яғни аудармашылар, тіл зерттеушілер және этнографтардан тілді дамыту жөнінде өз пікірлерін білдіруін сұрайды.
Сіз бізбен sales@neotech.kz электронды пошта адресі арқылы байланысып, осы рубрикадағы материалдар туралы өз пікіріңізді білдіріп, мақалалардың авторларына сұрақтар қойып, осы мәселе жөнінде өз кәсіби ұстанымыңызды жариялай аласыз.

Кәсіби сұхбатқа қосылыңыз!