Главная О компании

Переводческая компания Neotech

Қазақстан Республикасындағы «Лингвистикалық шешімдер» (Ресейдегі Неотэк пен МегаТекст брендтері) компаниясының аймақтық өкілдігі болып табылады.

Құрылған жылы: 2005

Штаттағы қызметкердің саны: 12

Штаттан тыс қызметкерлердің саны: 120

Алматыдағы жұмыс жасайтын офистерінің саны: 3

2009 жылы Астанада офисі ашылмақ.

Қазақстан Республикасындағы Америка сауда палатасының мүшесі.

Neotech Kz  аударма компаниясы аудару, тілдерге байланысты кеңес беру және нотариалдық куәландыру жөніндегі қызметтерді көрсетеді. Аталған қызметтер корпоративтік тапсырма берушілерге және жеке тұлғаларға көрсетіледі.

Корпоративтік тапсырма берушелерге арналған аударма тақырыптарының ішінде мұнай-газ және автокөлік, ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар, заң ғылымы және медицина салалары. Компаниядағы бизнес-процестері тапсырма берушілердің тіл сүйемелдеу жөніндегі талаптарын барынша қанағаттандыруға ұйымдастырылған. Неотэк бас компаниясы ТМД нарығында сапа менеджменті жүйесі бойынша ISO 9001:2000 халықаралық стандартына сәйкестік сертификатына ие болған алғашқы аударма компания болғандықтан, глобалдық корпорацияларды лингвистикалық сүйемелдеу қызметімен қамту компанияда дүниежүзілік талаптар мен стандарттар деңгейінде жүзеге асырылады.

Жеке тұлға үшін аударылатын тақырыптардың саны соншалық, оны анықтау мүмкін емес. Қызметтердің кең спектрі және сапасы, олардың қол жетімділігі және ыңғайлылығы – солардың бәрі қысқа мерзімде Neotech Kz компаниясына келгендердің көңілінен шықты.

Компанияның артықшылықтары – оның зор тәжірибесі, үлкен білім қоры, жобаларды басқарудың жоғары деңгейі және тапсырмаларды атқарудың ең жоғары технологиялары. Қолданылып отырған технологиялардың кейбірлері аудармашылық саласында стандарт ретінде танылды. Компания Translation Memory (Trados пен Transit) жүйелерін пайдалану жөніндегі жалпыға ұнаған біліктілік орталығы болып, Қазақстанда мамандарды бұл сыныптағы бағдарламаларды пайдалануға   үйрететін жүйені дамытып отыр.

Neotech Kz компаниясы өз уақытында Ресейде, енді Қазақстан Республикасында бастаған аудармашылық саласындағы нормативтерді, оның ішінде аудармашылық саласындағы жұмыскерлік және тұлға аралық қарым-қатынастарды жетілдіру және енгізу жөніндегі жүйелі мен жоспарлы қызметін жалғастырып отыр.