Главная Бос орындар

Бос орындар

Neotech KZ компаниясында жұмыс істеу деген Ресей және ТМД елдеріндегі аударма мекемелерінің арасында өз компаниясына жетекші орнын қамтамасыз ететін мамандардың ұжымында жұмыс істеуге мүмкіндік.

Neotech KZ  компаниясының негізгі қызмет саласы – шетел тілі барлық бизнес-процесстердің маңызды және ажырамас элементі болып табылатын компаниялар үшін лингвистикалық қолдаудың толық қызмет циклі.

Neotech KZ  дегеніміз:

·                     Өз дәстүрлерін қадірлей отырып, болашаққа бет алған, көптеген жылдық тарихы бар компания;

·                     Жаңа технологиялар және тұрақты түрде толтырылатын білім қоры;

·                     Техникалық аударма саласындағы ең жақсы мамандарды бірлестіретін бірегей ақпараттық және кәсіптік кеңістік;

·                     Адамдардың бірлестігі өз ісіне қызыққан және адал, кеудемсоқтық және жетістікке ұмтылған, өз дағдыларын тұрақты түрде жетілдіруге және өз тәжірибелерін бөлісуге дайын мамандар;

·                     Көңілді, ашық, жас және тату ұжым – біздің арамызда жұмыс істеу қызықты және ыңғайлы, біз өз қызметкерлеріміздің қызығушылықтарын бөлісуге дайынбыз.

Біз үміткерлерімізден күтетініміз және қызметкерлерімізді мынау үшін бағалаймыз:

·                     жауапкершілік;

·                     тапсырыс берушінің қажеттілігіне көңіл аударуға қабілет;

·                     өзара әрекеттесу дағдылары;

·                     қәсіпқорлық;

·                     оң нәтижеге жетуге ықылас;

·                     жайдарлылық және жаңа нәрселерді үйренуге ынта.

Бізбен бірге қызмет ете отырып, Сіз өз біліміңізді, дағдыларыңызды және қабілеттеріңізді практикада пайдалануға, оларды жұмыстың процессінде байыту, өркендету және дамытуға, жаңа білімді алуға және өз әріптестер мен тапсырыс берушілеріміз үшін сарапшы ретінде қызмет көрсетуге мүмкіндік аласыз.

Неотэк және Neotech KZ компанияларының кадр саясатына келетін болсақ, компаниядағы барлыққа жуық бастықтар компанияда жұмыс істеп «өскен» қызметкерлер. Ал компанияның мансаптық өсуге мүмкіндік беретіндігін тіпті оның бәсекелестері оның даусыз артықшылықтарының бірі деп атайды.

Бүгінгі күнде компанияда бар бос жұмыс орындар>>