Главная Біздің ерекшелігіміз

Біздің ерекшелігіміз

өз жүйелілігі мен тұрақтылығымен ерекшеленеді

Біз тек жоғары сапалы аударма қызметтерін ғана емес, бізге тапсырма беруші компаниялардың қайраткерлігіне, олардың дамуы мен өсуінің барлық деңгейінде толық қолдау көрсетудеміз. Ұзақ мерзімді түрде ынтымақтаса отырып, корпоративтік тапсырма берушілеріміздің көптеген жобасы және қазіргі жұмыстары үшін көп тілді сүйемелдеу көрсетіп отырмыз. Қазіргі технологиялар, ең жаңа зерттемелер пайдалану арқылы тапсырма берушілеріміздің жаңа жобалары қанша күрделі, олардың талаптары қанша қиын болмасын, біз оларға сәйкес келуге тырысудамыз.  Тапсырма берушілерімізбен бірге, олардың маркалары мен брендтерін алғашқы көрсетудің белделерінен өте отырып, өсіп, дамып, олардың тауарлары мен қызметтері тұтынушылардың көңілін тауып, жаңа мүмкіндіктер және жаңа нарықтарды ашудамыз. Олардың инновациялық өзгерістері және қайта ұйымдастырулары біздің де өміріміздің белделері болып табылады.

Компанияңыздың қызметі масштабына да, тапсырмаңыздың көлемі және күрделілігіне қарамастан - әр тапсырма берушіні ардақ деп, әр жұмысты жауапты түрде атқарып отырмыз. Егер ертең Сізге стандартты емес мәселені шешу үшін жаңа қызмет немесе көмек керек болса, бізге келіңіз, біз мәселеңізді шешуге тырысамыз. Кеше ғана қызметтеріміздің тізімінде құжатты нотариалдық куәландыру және легализация қызметі жоқ болатын, бірақ сол қызметтер біздің тамсырма берушілерімізге керек болған соң, біз соны да атқара алуымыз керек деп шешім қабылдадық.

Біз тапсырма берушілерімізбен бірге алға жүріп бара жатырмыз.

Көпшіліктен бір қадам алдамыз

Басқа ұлттық мәдениеттің жағдайындағы қызметіміз көптеген өзіндік қиындықтарға байланысты: бизнес жүргізудің дәстүрі басқа, мінезді клишелер мен ділі басқа. Қосымша күш пен шығын талап етілсе де, Қазақстан нарығындағы жұмыстың барлық ерекшеліктерін зерттеп, қабылдап, олармен есептесуге дайынбыз. Өз жағымыздан Қазақстанның аударма нарығын дамыту үшін өте пайдалы бола алатындығымызға да, барлық бизнес қоғамындағы қатынастарды құруға үлес қоса алатындығымызға да сенеміз. Өйткені, әлемдегі жетекші компаниялармен жұмыс істеуде де, ең ірі корпорациялармен ынтымақтасуда да тәжірибеміз мол, солардан көп нәрсені үйрендік. Біз жаңа білім және қатынастар үшін ашықпыз, сондай-ақ жинаған білім және тәжірибемізді басқалармен бөлісуге дайынбыз.

Біздің өсуіміз болжалы және ойға қонымды

Неотэк компаниясы көптеген нарықтағы глобалдық корпорацияларға лингвистикалық қолдау қызметтерін көрсетуде. Біздің тапсырма берушілеріміз осы жаңа, қызықты аумаққа келіп, біз де соларға ілескен соң Neotech Kz компаниясының қайраткерлігі басталды. Бірақ біз сонымен ғана шектелмедік: Қазақстанда жаңа тапсырма берушілерді таптық. Енді біздің тапсырма портфелімізге шамамен барлық тақырыптар, көптеген тілдер кіріп отыр. Біз тапсырма берушілеріміздің бірнешесіне көмекші және эксперт болып кеттік. Қазақстан нарығының ерекшеліктері және күрделілігін зерттеп, бұл жаңа географикалық аймақта өз бизнесін дамыта бастағандарға мәдениетаралық адаптация жөніндегі толық ұсыныстар бере алдық.

Принциптерден аумау, дәстүрді сыйлау

Neotech Kz компаниясының барлық бизнес-процестері Ресейдегі Неотэк Техникалық Құжаттама Бюросының дәстүріне сүйеніп отыр. Неотэк Техникалық Құжаттама Бюросы тек Ресей ғана емес, АҚШ, Жапония, ТМД-ның басқа елдерінде 17 жылдан астам жемісті жұмыс атқарып келеді. Неотэк компаниясының білім қоры Қазақстанда жұмыс жасап жатырған мамандардың күнделікті аудармашылық процесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Уақытында, Алматы қаласында Neotech Kz компаниясын ашуға ниет туралы жариясында былай деп жазылыпты: «Біз жаңа жобаны дайындау, бастау және дамытудың әр белдесін тек тіректі және жауапты түрде орындайтын болсақ қана, табысқа сене аламыз. Арсеналымызда тек тәжірибеде сыналып, бекітілген шешімдер болу керек. Біз тек өздерін жақсы жағынан көрсеткен жұмыс атқарушыларды тартуымыз, әр қызметкерімізден жоғары қәсіпқорлық, біліктілік пен ынта және бизнес әдебін талап етуіміз керек».