ISO, IEC және BS ТЕХНИКАЛЫҚ СТАНДАРТТАРЫН АУДАР

ISO, IEC және BS ТЕХНИКАЛЫҚ СТАНДАРТТАРЫН АУДАР

Міндет

2018 жылдың жазында командамыз әдеттен тыс міндетке тап болды: 5 ай ішінде 35 000-нан астам беттен тұратын техникалық тақырыптардың кең ауқымын қамтитын ISO, IEC және BS салалық стандарттарын ағылшын тілінен орыс тіліне аудару қажет болды. Тапсырыс беруші бастапқы құжаттарды PDF форматында және қағаз бетінде ұсынды.

Аударма негізгі тапсырыс берушіміз іске асыратын * стандарттарды үйлестіру үшін талап етілді.

Басқаша айтқанда, алдымызда аз уақыт ішінде көлемі үлкен күрделі жұмысты аяқтау міндеті тұрды.

Шешім

Міндетті орындау үшін жоба менеджерлері мен үйлестірушілерден, аудармашылардан, редакторлардан, корректорлардан және беттеушілерден тұратын жұмыс тобы құрылды. Оған сараптамалық шешімдер орталығы жобасының жетекші редакторы да кірді.

Келесі кезеңде жобалық құжаттаманы рәсімдеуге, сондай-ақ біркелкілікті қамтамасыз ету үшін жалпы бөлімдерді аударуға ортақ талаптар дайындалды. Жобаны сәтті жүзеге асыру үшін глоссарий дайындау ісі де маңызды рөл атқарды.

Стандарттар әртүрлі техникалық тақырыптарға арналғандықтан, менеджерлер редакторлардың ұсыныстарына сүйене отырып, барлық аудармашыны мамандығына қарай келесі топтарға бөлді: электр техника, ақпараттық технологиялар, менеджмент және т. б. Осылайша, бастапқы кезеңнің өзінде сапасын редакторлар қосымша тексерген сауатты аудармаға қол жеткіздік. Содан кейін беттеу, корректура жасау және сапаны соңғы тексеру кезеңдері орындалды. Құжаттама осы кезеңдерден сәтті өткеннен кейін ғана тапсырыс берушіге жіберілді.

Менеджер түсініктемесі:

«Бастапқы кезеңде алдымызда қысқа мерзім ішінде саласы тар құжаттамамен жұмыс істеу міндеті тұрғанын түсіндік. Бұл жұмыстағы маңызды кезең тақырыптарды талдау мен мамандарды іріктеу болды. Жұмыстың үшінші айында біз айына 5000 бет өнімділікке жеттік, ең жоғарғы мәні 12000 бет болды».

* Стандарттарды үйлестіру — стандарттардағы өнімдерді (қызметтерді) өзара алмастыруды, сынақ нәтижелерін және ақпаратты өзара түсінуді қамтамасыз ету үшін басқа стандартқа сәйкес келтіру.