Ауызша аударма

Қазіргі кезде кешенді лингвистикалық қолдау міндетті түрде ауызша аударманы да қамтиды. Neotech компаниясында бұған бөлек бөлімше жауап береді.

Ауызша аударманың қолданылу саласы өте кең! Мысалы, шетелдік спикерлер қатысатын іс-шараларда — көрмелер мен конференцияларда, презентациялар мен дәрістерде, тренингтер мен мастер-кластарда онсыз мүмкін емес. Сонымен қатар іскерлік іс-шараларды — келіссөздерді, кездесулерді, мәмілелер жасасуды немесе іссапарларды айта кету керек.

Neotech компаниясы кешенді қызметтерді де ұсынады — біздің ресурстарымыз аударманы қамтамасыз етумен қатар, алаңды іздеуді және ұсынуды, толық техникалық жабдықтауды, логистика мәселелерін, сондай-ақ жобаның фото және видеотүсірілімін қоса алғанда, іс-шараны ұйымдастыруға мүмкіндік бендік береді.

Ілеспе аударма. Бұл әдетте жеке кездесулер, келіссөздер, сөз сөйлеу, презентациялар және т. б. шеңберінде шағын аудиториямен жұмыс кезінде қолданылады. Аудармашы айтылған сөйлемнің қысқа үзіндісін естіп алып, сөйлеуші үзіліс жасаған кезде оны қажетті тілде айтады.

Синхронды аударма. Кең аудиториялы іс-шараларда қолданылады. Ол арнайы жабдықты қолдана отырып, баяндамашы сөйлегенде қатарласа орындалады.

Онлайн аударма. Біздің ауызша аудармашылар скайп немесе телефон арқылы бұрын да қашықтан аударған, бірақ қазір жұмыстың бұл түрі аса үлкен сұранысқа ие, сондықтан біздің компания бұл салада өз қызметтерін айтарлықтай кеңейтті.

Біз қажеттіліктеріңізге және тілектеріңізге байланысты Zoom, Skype және басқа да бұлтты шешімдерді ұсынамыз.

Кең ауқымды қызмет көрсету. Neotech компаниясы бизнес-форумдарда, тікелей немесе телефон арқылы өткізілетін іскерлік келіссөздерде, көрмелерде, дөңгелек үстелдерде, әуежайда қарсы алуда, қонақүйге шығарып салу кезінде, т. б. жұмыс істеу үшін әртүрлі тілдерден аударатын (француз, неміс, итальян және т. б.) ілеспе және синхронды аудармашы мамандарды ұсынады.

Көпжылдық жұмыс тәжірибесі. «Неотэк» компаниясы 1991 жылдан бері аударма нарығында. Клиенттеріміздің арасында ірі халықаралық корпорациялар мен өз саласындағы көшбасшы компаниялар бар.

Қамтитын салалардың кең ауқымы. Қызметкерлеріміз медицина мен маркетингтен бастап, автокөлік құрылысы мен мұнай-газ өнеркәсібіне дейінгі көптеген кәсіби салаларда жұмыс істейді.


Бірге қызмет істеуге дайынсыз ба?
Форманы толтырғаннан кейін біз сізге жақын уақытта хабарласамыз
«АУДАРМАҒА ТАПСЫРЫС БЕРУ» түймесін басу арқылы сіз жеке деректеріңіздің өңделуіне келісім бересіз