Локализация

Басқа елдер мен аймақтардың нарығына ену кезінде өнімді локализациялаудың маңызы зор. Әрбір өнім, соның ішінде мамандандырылған бағдарламалық құрал, ойын және қолданба пайдаланушының тілінде болуы керек.

Локализациялау дәстүрлі аударма қызметінен мақсатты нарықтың мәдени ерекшеліктерін ескеруімен өзгешеленеді. Бұл әсіресе ақпараттық технологиялар мен электр энергетикасы, сондай-ақ маркетингтік өнімдер үшін аса маңызды.

Neotech компаниясының локализациялау бөлімі 2003 жылдан бастап жаңа нарықтарда енді ғана аудитория назарын аударта бастаған ірі халықаралық тапсырыс берушілер мен шағын компаниялар үшін күрделілігі мен ауқымы әртүрлі жобалар бойынша жемісті жұмыс жүргізіп келеді.

Бағдарламалық өнімді локализациялау қызметтерін көрсетумен қатар, Neotech өнімді сәтті іске қосу және ілгері жылжыту үшін қажетті ілеспе маркетингтік, оқыту және корпоративтік материалдарды дайындауға қуана көмектеседі.

Біз өз жұмысымыздың нәтижесін бағалаймыз: себебі кәсіпқойлықтан және әртүрлі тапсырмалармен жұмыс жасаудың бай тәжірибесінен басқа, бізді технологияға деген сүйіспеншілік пен ойындарға деген құмарлық біріктіреді.


  • пайдаланушы нұсқаулықтары;
  • бағдарламалық құралдар;
  • мобильді қолданбалар;
  • видео және аудиоматериалдар;
  • электрондық оқыту курстары;
  • веб-сайттар;
  • кез келген платформаға арналған видеоойындар;
  • маркетингтік материалдар;
  • интернет-дүкендер үшін контентті локализациялау;
  • материалдардың тағайындалған мақсатына сәйкес копирайтинг, контентті өңдеу (бір тапсырыс берушіге бір жоба аясында әртүрлі мақсатты топтарға бейімдеу).
  • аударманың заманауи технологиялары мен құралдары;
  • жұмыс процестерін оңтайландыруға және аударманың жоғары сапасын қамтамасыз етуге арналған жеке әзірлемелеріміз;
  • әр клиентке және жобаға жеке мән беру;
  • сапаны бақылаудың көпсатылы жүйесі.
  • біз көптеген тілдік бағыттармен жайлы жұмыс жасаймыз;
  • барлық негізгі деректер форматтарын өңдейміз;
  • тез арада кез келген жоба үшін топты іріктейміз;
  • күрделілігі әртүрлі лингвистикалық мәселелерді шешеміз;
  • аударма процесін тапсырыс берушінің бизнес-процесіне үйлесімді түрде енгіземіз;
  • аударманы ғана емес, сонымен қатар толық аяқталған шешімді ұсынамыз;
  • клиенттерге лингвистикалық кеңес береміз.


Бірге қызмет істеуге дайынсыз ба?
Форманы толтырғаннан кейін біз сізге жақын уақытта хабарласамыз
«АУДАРМАҒА ТАПСЫРЫС БЕРУ» түймесін басу арқылы сіз жеке деректеріңіздің өңделуіне келісім бересіз