Мұнай-газ саласы

Neotech компаниясының мұнай-газ тақырыбы бойынша аударма бөлімі компанияның алғаш құрылу кезеңінен бастау алады және ол мұнай өндіру мен оған байланысты салалардағы техникалық құжаттарды, сызбалар мен маркетингтік материалдарды аударуға маманданған. Бұл компаниядағы негізгі бөлімшелердің бірі.

Қызметкерлеріміз жобаның барлық қыр-сырын түсінуге қабілетті: олар глоссарийді қатаң сақтап, тапсырыс берушілердің талаптары мен анықтамалық материалдарын мұқият ескереді. Біз тек аудармашылар ғана емес, сонымен қатар мұнай-газ саласында мол тәжірибесі бар техника мамандарымыз және біздің біліміміз тек бір саламен шектелмейді.

Біздің ресурстарымыз, тіпті мұнай кен орнын игеруге арналған ілеспе құжаттардың толық жиынтығын аударуға дейін, кез келген ауқымдағы жобалармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.



  • xмұнай өндіру;
  • xмұнай өңдеу;
  • xгеология;
  • xгеофизика;
  • xеңбекті қорғау;
  • xқоршаған ортаны қорғау.

  • жабдықты пайдалану нұсқаулығы;
  • нормативтік құжаттар (МЕМСТ, ҚНжЕ және т. б.);
  • кен орнын игеру / мұнай өңдеу зауытының жобалық және жұмыс құжаттары;
  • геологиялық есептер;
  • сызбалар мен олардың өңдеуі;
  • маркетингтік материалдар.

  • терминологияның бірізді болуын қамтамасыз ету және уақыт шығынын азайту үшін өз әзірлемелерімізді қолдану;
  • көпсатылы сапа бақылауы;
  • ірі халықаралық жобаларда жұмыс істеу тәжірибесі;
  • аударманың заманауи технологиялары мен құралдарын пайдалану;
  • ISO 17100 аударма қызметтерінің бірыңғай халықаралық сапа стандартына сәйкестігі.

Бірге қызмет істеуге дайынсыз ба?
Форманы толтырғаннан кейін біз сізге жақын уақытта хабарласамыз
«АУДАРМАҒА ТАПСЫРЫС БЕРУ» түймесін басу арқылы сіз жеке деректеріңіздің өңделуіне келісім бересіз