Қаржы және құқықтану

Екі қызметті біріктіру арқылы біз клиенттерімізге бірнеше маңызды артықшылық ұсынамыз:

Аударылған және қалыптастырылған құжаттардың сапасы екі түрлі қызметті алу үшін екі түрлі ұйымға жүгінгеннен әлдеқайда жоғары. Өйткені біз аударылған құжаттарды ресми органдардың талаптарын ескере отырып, қажетті тілдік орамдар мен үлгілерді қолдана отырып, бірден рәсімдейміз.

Компаниямыздың менеджері тарапынан тапсырыс беруші бірден нотариалдық аударма мен куәландыру бойынша кеңес алып, оны орындау құны мен мерзімін келіседі. Құжаттардың түпнұсқасын кеңселеріміздің біріне әкелу жеткілікті.

Тапсырысты бір білікті орындаушы орындайтындықтан уақытыңызды айтарлықтай үнемдейсіз. Әйтпесе сізге екі жердегі қызметке жүгінуге, сонымен қатар қызметтің нақты қайсысы керектігін анықтауға уақытыңыз кетер еді. Бізбен уақытыңызды кем дегенде екі есе үнемдейсіз!

Заң тақырыбындағы мәтіндерді аудару кезінде Translation Memory класының бағдарламаларын қолдану барынша тиімді екенін дәлелдейді. Жоғары технологиялы компания ретінде біз кез келген мәтіннің аудармасын жасау кезінде осы құралдарды қолдануға тырысамыз. Бірақ дәл осы заң саласындағы құжаттарды аудару кезінде тапсырыс беруші көптеген сөзсіз артықшылықтарға ие болады, атап айтқанда: бір түрдегі заңдық құжаттарды аудару кезінде терминология мен стилистиканың бірізділігі сақталады және ол өте айқын байқалады, дайын аударманың соңғы пішімделуі жеңілдеп, тартылған ресурстардың өнімділігі артады. Translation Memory мүмкіндігін пайдалану келесі жаңа тапсырыстар болған кезде тапсырыс берушіге айтарлықтай қаржы үнемдеуіне көмектеседі.


  • Қаржылық талдау мен есептер;
  • Биржа мәліметтері;
  • Бухгалтерлік есептер;
  • Банк кепілдіктері;
  • Басқарушылық және аудиторлық есептер;
  • Келісімшарттар, шарттар және келісімдер;
  • Сенімхаттар;
  • Лицензиялар;
  • Сертификаттар;
  • Хаттамалар;
  • Құрылтай және жарғы құжаттары;
  • Тендерлік ұсыныстар мен өтінімдер;
  • Бизнес-жоспарлар және олардың презентациялары;
  • Заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілер;
  • Заң қорытындылары мен меморандумдар;
  • Кедендік құжаттама және сыртқы экономикалық қызмет;
  • Сот шешімдері мен қаулылары;
  • Іскерлік хат алмасу.

  • Neotech — Common Sense Advisory тәуелсіз талдау агенттігінің рейтингісінде әлемдік нарықта аударма қызметтері мен технологияларының жетекші жеткізушілерінің бірі;
  • ISO 17100 аударма қызметінің халықаралық стандартына толық сәйкестік;
  • толық құпиялыққа кепілдік;
  • терминология бірізділігін сақтауға және жобамен жұмыс істеу уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін Translation Memory класының бағдарламалық өнімдерін қолдану;
  • Дүние жүзі бойынша ең үздік аударма компанияларының жүздігіне кіреді

Бірге қызмет істеуге дайынсыз ба?
Форманы толтырғаннан кейін біз сізге жақын уақытта хабарласамыз
«АУДАРМАҒА ТАПСЫРЫС БЕРУ» түймесін басу арқылы сіз жеке деректеріңіздің өңделуіне келісім бересіз