Главная Жаңалықтар KIOGE 2017 аударма конкурсы

KIOGE 2017 аударма конкурсы

2017 жылдың 4 және 6 қазан аралығында Алматы қаласында өтетін Халықаралық «Мұнай және газ» (KIOGE) көрмесі аясында Neotech Global өз стендінде аударма конкурсын өткізеді.

Конкурсқа қатысуға сарапшы-лингвисттер мен жас мамандар да шақырылады.

Конкурстік жұмыстар мына номинацияларда бағаланады:

  • «Үздік техникалық аударма»
  • «Үздік слоган аудармасы»
  • «Үздік экспресс аударма»

Жеңімпаздарға естелік жүлделер мен дипломдар беріліп, олар Neotech Global-дың штаттық немесе штаттан тыс қызметкері болып жұмысқа тартылады немесе, жас мамандарға компанияда өндірістік машықтану және тағылымдамадан өту мүмкіндігі беріледі.

Сізді «Атакент» көрме кешенінің 10-193 нөмірі бойынша орналасқан компанияның стендінде күтеміз.

Толық ақпарат алу және көрмеге тегін кіру үшін электронды шақыртуды алу үшін 30 қыркүйекке дейін «KIOGE 2017-ге шақыру» хат тақырыбымен freelancer@neotech.kz мекен-жайына өтінішіңізді жіберуіңізді немесе мына телефонға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (727) 311-53-49.

Біздің стендте көріскенше!

11-09-2017